Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысындағы баяндамасында мәлімдеді деп жазды BAQ.KZ.
Жылы дәретханалармен жабдықтау мәселесі де маңызды. Бір жыл бұрын 2 700 мектептің дәретханасы далада орналасқан болса, бүгінгі таңда 2 600-ға тарта мектепте дәретхана салынып, нәтижесінде 98,9 пайызға артты. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Десек те, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 110 мектебінде дәретхана аулада тұр. Бұл мәселені 1 қыркүйекке дейін толық шешу керек, - деді Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов. Сонымен қатар министрдің сөзінше, республикада 21 000 мектеп оқушысы көлікпен тасмалдауды қажет етеді.
Біздегі автопаркте 758 автобус бар. 3 жыл ішінде 203 автобус сатып алынды. Бұл - жақсы көрсеткіш. Дегенмен 506 тасымалдау көлігін жаңарту керек. Сол себепті әкімдіктерді осы мәселеге назар аударып, тиісті қаражат бөлуге шақырамын, – деді ол. Осы мәселелер төңірегінде мектептер мен балабақшалардың бейнебақылаумен қаншалықты қамтылғандығын атап өтті.
Бүгінгі таңда балабақшалар мен мектептер 100 пайыз бейнекамералармен қамтылған. Бірақ олардың 21 пайызы бекітілген талаптарға сай келмейді. Бұл - қазіргі таңда басты мәселе. Тек қана 823 мектептің немесе 11,4 пайызының бейнабақылау жүйелері полиция органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған. Ал арнайы күзетпен қамтылған мектеп саны 466 немесе 6,4 пайызды құрайды. Барлық мектептердің 15 пайызында ғана дабыл батырмалары бар. Айтылған барлық құрылғыны қамтамасыз ету қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.