11.08.2021, 16:40

Елордада оқушыларға 40 мың теңгеден берілетін болды

Қазіргі уақытта мектептер балалардың мәліметтерін автоматтандырылған жүйеге енгізу жұмыстарын атқарып жатыр.

Нұр-Сұлтанда жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін, аяқ киімін және керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Материалдық көмектің мөлшері – 40 мың теңге. Жобамен биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр. Көмек алатын балалардың нақты санаттары да айқындалған.

Олар:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балалар; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар; білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары; Биыл материалдық көмек "Атамекен" ұлттық палатасы ұсынған "BMC Sales" цифрлы платформасы арқылы көрсетіледі. Ал әрбір оқушының ақшасы арнайы картаға әлеуметтік бірлік болып түседі. Оны белгілі сауда орнында және нақты тауар түріне ғана жұмсауға болады.

Оқушылар өз қалауы бойынша онлайн оқуына бола ма? Аймағамбетов жауап берді Қазақстанда 1-сынып оқушыларына "Алғашқы қоңырау" өткізуге рұқсат берілді "Мысалы былтыр бағдарламаға 16 компания және 27 сауда орны қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда орнында тауар сатып алуға мүмкіндік бар. Ал әлеуметтік бірліктердің қозғалысын алушылар, әлеуметтік педагогтер, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері жеке кабинет арқылы қадағалайды", - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта мектептер балалардың мәліметтерін автоматтандырылған жүйеге енгізу жұмыстарын атқарып жатыр. Өтініш беру үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінуге тиіс. Мектептің алқалы органы өтінішті 15 күннің ішінде қарайды. Бағдарлама 31 қазанда аяқталады.

Тегтер: білім беру