$ 443.85  474.3  4.8

Орыстың 4 жасар қызы 7 тілде еркін сөйлейді (ВИДЕО)

4 жасқа енді толған мәскеулік Белла Девяткина әлемнің 7 тілінде емін-еркін сөйлесе алады. "Россия 1" телеарнасындағы "Удивительные люди" ("Таңғажайып адамдар") тележобасына қатысқан кішкентай қыз көрермендерді де, қазылар алқасын да өз білімімен жаға ұстатты.

Полиглот сәби орыс, ағлшын, неміс, француз, испан, қытай және араб тілдерінде сөйлей алады. Және жай ғана жаттанды 3-4 сөйлеммен шектелмейді, ол толыққанды диалог жүргізе алатын дәрежеде. Шоу-бағдарлама барысында Белла мектеп бағдарламасы бойынша қойылған бірнеше сұраққа өзі білетін барлық тілде жауап берді.

Белла Девяткинаның анасы қызына тіл үйретуді 2 жасынан бастап қолға алғанын айтып отыр. Алғашында ағылшын тілін меңгеруді бастаған олар қыздың қызығушылығына қарай тағы бірнеше тілді уақыт өте қосып отырған екен. Қазір кішкентай қыз ағылшын тілін үйренуді анасымен бірге жалғастырып жатыр. Ал, өзге тілдерді дамытуға мектептегі мұғалімдері және арнайы тіл мамандары көмектесуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары