Соңғы жаңалықтар

Білім & Ғылым

39 «Алтын белгі» иесі мемлекеттік грантқа түсе алмады

Биылғы жылы 39 «Алтын белгі» иесі мемлекеттік грантқа түсе алмады. Бұл туралы бүгін, 12 тамызда баспасөз мәжілісінде Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Грант иелерінің тізімі түнгі 00:05 жарияланады

А.Сәрінжіпов бастаған білім және ғылым министрлігінің білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Қазір оны баспасөзде жариялау үшін беттеу жұмыстары жүріп жатыр.

32 мың грантқа 60 мыңнан астам үміткер бар

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтың төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша гранттарды үлестіру барысында «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың, байқаулардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздарына басымдық берілетін болады.

«Нұрлы Жол» отандық ғылымның дамуына тың серпін бермек

Қазақстанның ғалымдары өз жетістіктеріміз бен мүмкіндік-әлеуеттерімізді ұлғайып отырған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс қиындықтары жағдайында еліміз шешіп жатқан күрделі де ауқымды міндеттермен салғастыра саралаймыз. Әлемдік державалардың саяси текетіресі жаңа индустрияландырудың стратегиялық міндеттерін шешу жа­йын қайсыбір қиындықтарға тап келтіруде.  Таяудағы 10-15 жылда респуб­лика алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың негізі ретінде жаңа құрылымдағы экономиканың осызамандық өнеркәсіптік әлеуетін жаңғырта қайта құру міндеті тұр.

Қыркүйектен бастап 4 жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылады

Жаңа оқу жылында ОҚО-да бірқатар білім ордалары жұмысын тоқтатады. Алты айда атқарған тірлігін қорытқан облыстық прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Қадағалау органының қызметкерлері алдағы қыркүйектен бастап 4 бірдей жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылады деп кесіп айтты.

Қазақстанда көмірден жанармай өндірілетін болады

Қазақстанда көмірден сұйық жанар-жағармай өндірілуі мүмкін. Бүгін бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Такир Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады 24.kz

Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамытудың бағдарламасы әзірленді.

Білім грантының 75 пайызы қазақ бөліміне беріледі

2015 жылғы Білім грантының 75 пайызы қазақша бітіргендерге беріледі. Бұл туралы Білім және Ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев министрліктің отырысында мәлімдеді.

Қазақстандық ғалымдар 3D принтер жасап шығарды

Қазақстан ғалымдары 3D принтер жасап шығарды, - деп хабарлайды"24.kz".

Биыл Кадет корпусын 214 түлек бітіріп шықты

Биылғы жылы ҚР ҚМ Кадет корпусын ең көп түлек, яғни 214 адам бітірді. Оқу орны ашылғалы 2 224 сержант «Әскери басқару» мамандығын оқып шықты. Оның ішінде 2012 жылы – 206 адам, 2013 жылы – 176 және 2014 жылы – 181 сержант бітірді.