Қоғам - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қоғам

Алмалы аудандық соты 11 жасар оқушы Өркен Азаматұлының өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған оның өгей шешесі Шәрипа Ақбердиеваны 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу уақыты кезінде ол уақытша ұстау абақтысында болады.

Алматыда 11 жасар мектеп оқушысы Өркен Азаматұлының өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева осынау ауыр қылмысқа өзінің қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Бүгін Алмалы аудандық сотында аталған іске қатысты алғашқы отырыс өткен болатын.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының босандыру бөлімінің қабылдау бөлмесінде 32 жастағы әйел қайтыс болды.

Универсиада-2017 қарсаңында елорда көшелерімен алау эстафетасы өтеді деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Алау эстафетасы 25 қаңтар күні сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталады. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтпек.

Семейдегі ірі такспопарктің бас менеджері өзін атып өлтірген деп жазады Tengrinews.kz. Оның мәйіті өз үйінен табылған. Қазіргі таңда өзіне қол салу дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат алуын арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

Астанада атышулы Ерасыл Әубәкіровтің ісі қайта жалғасын тапты. Медакадемия студентін өлтірді деген айыппен алдымен шығысқазақстандық кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев қамауға алынып, кейін ақталып шыққан болатын. Енді полиция оның туған әпкесін тергеуге кірісті деп жазады Tengrinews.kz.

Алматыда 11 жасар Өркен Азаматұлының өліміне қатысты күдікті ретінде өгей шешесімен бірге өгей бауырлары да ұсталып отыр. Әйелдің үлкен ұлы мен қызы және тағы екі сыбайласы бүгінде қамауға алынған деп хабарлады Алматы қалалық ішкі істер департаменті.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, мектепке дейінгі жастағы балалардың 16%-ы етжеңділіктен және басқа да сырқаттардан зардап шегеді екен. Ал, 15 жасқа қарай созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың қатары 20%-ға жетіп отыр. Жағдайды жақсарту үшін ғалымдар арнайы «Баламан» бағдарламасын жасап шықты деп хабарлайды Хабар-24.

19 қаңтар күні жоғалып кетіп, кеше мәйіті табылған 11 жасар Өркен Азаматұлы Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №67 мектепте оқыған. Оның ұстаздары қазір болған жайтқа әлі сене алар емес.

Страница 1 из 111

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші