Қоғам 18.04.2017 сағат 12:08  2386

Қарағандыда 16 жастағы қызды интернетпен танысқан ер азамат зорлап кеткен

Қарағанды қаласында 16 жастағы жеткіншекті әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт зорлап кетті деп жазады Tengrinews.kz. Оқиға "Алтын арба" базарына жақын маңда орын алған. Ал, жәбірленген қыз Шахтинск қаласының тұрғыны екен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға болардан алдын колледж студенті өзінен әлдеқайда үлкен ер азаматпен интернет арқылы танысыпты. Ол жеткіншек қызды Қарағанды қаласына кездесуге шақырған. Қыз болса ата-анасына Қарағандыдағы туыстардың үйіне барамын деп алдап кетіп, бейтаныс ер азаматпен кездесіпті. Екеуі алдымен дәмханалардың бірінде тамақтанып, жақынырақ танысқан екен. Кейін 30 жастағы ер азамат жеткіншекті көпқабатты үйдің подъезіне күштеп кіргізіп, зорлаған.

Шошынып қалған қыз бірден полицияға хабар бермепті. Ол алдымен Шахтинсктегі үйіне барып, кешке қарай қан жоғалтуы салдарынан ауруханадан бір-ақ шыққан. Полицейлерге де сол жерде арыз түсіріпті.

Ішкі істер органдары болса қазіргі таңда қылмыстық іс қозғап, күдікті ер азаматты ұстау шараларын жүргізіп жатқандарын айтты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар