Қоғам 20.04.2017 сағат 09:00  775

Алматыда заңсыз дүңгіршіктер сүрілуде

Алматы қаласында көше саудасын ретке келтіру мақсатында станционарлық емес сауда нысандарының ағымдағы жағдайы сараланды, әлемдік тәжірибеге ден қойылып, тиісті жоспар жасалды. Осыған орай, станционарлық емес сауда нысандары сүрілуде деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай дүңгіршіктер иелерінің заңды құжаттары жоқ. Сауда нысандары тротуарлардың, газондардың, саудаға лайық емес жерлердің бойына орналасқан және қала тұрғындарының ренішін туғызуда.

Заңсыз дүңгіршіктер өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктерге жауап бермейді әрі қаланы  абаттандыру ережесіне сай емес. Олардың иелері  кей ретте  электржелісіне  заңсыз қосылып,  салық төлемейді.

Айта кетейік, 2015 жылы - 368 нысан, 2016 жылы - 470, ал биылғы жылдың басынан бері 300-ден астам осындай заңсыз дүңгіршіктер сүрілді.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар