Қоғам 20.04.2017 сағат 10:41  607

Алматылық кәсіпкерді белгісіз біреулер ұрлап кетті - ІІД

Алматы қаласының полициясы белгісіз себептермен жоғалып кеткен жергілікті тұрғынға іздеу салды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ер азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 20 сәуір күні пайда болған. Онда кәсіпкерді үйіне көлікпен қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер ұрлап кеткендігі жазылған.

"Алматыда кәсіпкерді ұрлап кетті. Бүгін таңғы 4-те ол жүргізуші шақырып, үйіне қайтқан. Жолай әкесіне телефонмен хабарласып, үйдің қақпасын ашып қоюын сұрапты. Алайда, ер азамат сол күйі үйіне оралмаған. Әкесі ол отырған мейрамханаға хабарласқанда, ондағылар жүргізушінің иелефон номерін беріпті. Жүргізуші болса жолда белгісіз біреулер келіп, клиентін ұрып-соғып, Subaru Outback көлігіне отырғызып әкеткенін айтқан", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Алматы қалалық ІІД 20 сәуір күні 1987 жылғы ер азаматтың жоғалып кеткені туралы арыздың расымен де келіп түскенін растады. Полицейлерге жоғалған Әлиевтің туыстары хабар беріпті.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер жоғалған азаматты іздеуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар