Қоғам 26.04.2017 сағат 07:35  1905

Алматыда тартып алынған көлік прокуратура ғимаратынан табылды

Алматы прокуратурасы қала тұрғынындарының бірінің көлігінің олардың ғимараты маңында табылуына қатысты деректі тексеріп жатыр деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы әлеуметтік желілерде танымал блогер Әсем Кенжебек жазды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"(...) Кеше менің інімнің жүргізушісі інімнің атына тіркелген көлікпен бірге жоғалып кетті. Ал, бүгін ол келіп оған сол кезде шұғыл түрде 4 мың доллар қажет болғандықтан інімнің көлігін кепілге қойып кеткенін айтты. Сіздер түсініп отырсыздар ма, ол өзіне тиесілі емес автоны кепілге қалдырған. Асықпаңыздар, қызық әлі алда! Сөйтіп біз көлікті заңсыз түрде кепілге алған жігіттің нөмірін алдық. Сауал жіберсеңіздер, оның телефон нөмірі мен аты-жөнін міндетті түрде беремін. Інім онымен хабарласып, жағдайды жақсылықпен түсіндіріп бермекші болды. Яғни, оның бұл әрекетінің заңсыз екенін және оның бөтен біреудің көлігін кепіл ретінде алғанын түсіндірмекші еді. Бірақ ол інімнің сөзіне оның техникалық паспорты мен кілті бар екенін айтып, түрлі беделді адамдардың атын айта бастады. Көлікте gprs орнатылған, енді біз көлікті қайдан таптық дейсіздер? Қалалық прокуратураның аумағынан!!! Видеосы бар! Қалай ойлайсыздар, осы ғимаратқа келген қарапайым адам прокуратура аумағына көлікпен кіре ала ма?! Меніңше, прокуратура өкілдері осы көлікпен кімнің келгенін және оның бұл көлікке құқы бар ма, жоқ па соны тез анықтайды деп ойлаймын", - деп жазды Әсем Кенжебек 25 сәуірде Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, көлікті кепілген алған жігіт біреудің көлігін қалада айдап жүрген, онымен қоса көлік иесінен жүргізушінің қарызын өтеуін талап еткен.

Алайда көлікті иесіне қайтару үшін жасалған барлық шара нәтижесіз болғандықтан ол 102 нөміріне қоңырау соғып, көліктің айдап әкетілгені жайлы хабарлаған. Ал кейінірек бас прокурордың көмекшісі Думан Қожахметов осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Алматы қалалық прокуратурасының басшылығы мен Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздігі қызметіндегілер осы оқиғамен айналысып жатыр. Әсем Кенжебектен кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта қалалық прокуратура қызметкерлері сіздің ініңізді Желтоқсан көшесі, №89 үйде орналасқан ғимаратта күтіп отыр", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Әсем Кенжебектің айтуынша, осыдан кейін көлік иесін, яғни, інісін қалалық прокуратураға шақырған. Олар онда ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысымен сөйлескен.

"Інім прокуратурадан шықты. Ақша бопсалаған жігіт те сол жақта болды, түсініктеме жазды. Ол жап-жас жігіт, жасы 20-ларда. Көлікті прокуратурада жұмыс істейтін туысына қалдырып кеткенін айтты. Жігіттің туысын да түн ортасында шақырттық. Оның айтуынша, ол бұл көліктің қайдан келгенін білмейді де. Ал сол көлікпен түні бойы қалада жүргендері үшін кешірім сұрады. Бірақ мен олардың қайсысы көлікті айдағанын сол бойы түсінбедім. Сұрақтар көп, бірақ ішкі қауіпсіздік қызметіндегілер осы мәселемен айналысса, барлығын шешетініне күмәнім жоқ", - деп жазды Әсем Кенжебек.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар