Қоғам 26.04.2017 сағат 08:55  834

Құтқарушылар СҚО-да 98 жастағы әжей мен оның 72 жастағы қызын тасқын судан құтқарды

Кешелі бері Солтүстік Қазақстан облысының орталығын тасқын су басып, өңірде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Петропавл қаласын су басып, тұрғындары әліге дейін қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Әсіресе, «Кожавенный завод» аталып кеткен қала іргесіндегі елдімекен халқы айтарлықтай зардап шеккен. Мұндағы 380 тұрғын бүгінде эвокуацияланды. Олардың қатарында 98 жастағы әжей мен оның 72 жастағы қызы да бар.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қария мен оның қызы 3 қабатты үйдің бірінші қабатында тұрып келген.

«Судың тез көтерілгені сонша, көзді ашып-жұмғанша текпешек су астына кетті. Анамның бірнеше ауруы бар, мен сол кісіні уайымдадым, тасымалдау оңай емес», - дейді Нина Игнатьевна.

Дегенмен, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында анасы мен қызы аман-есен қауіпсіз жерге шығарылды. Жүз жасаған әжейді ТЖД мамандары зембілмен қайыққа дейін көтеріп апарып, кейін қайықпен жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

Айта кетейік, Қазақстанның бірнеше облысынан келген құтқарушылар СҚО-да бірнеше күннен бері табиғи апаттың салдарымен күресіп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар