Қоғам 25.04.2017 сағат 11:47  774

Алматы облысында санитарлық тазалық шарасы өтуде

Жуырда Панфилов және Ұйғыр аудандарында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша рейд жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тазалық айлығы басталғалы бері Панфилов ауданындағы мекемелер мен ұйымдар ұжымдары, сол сияқты тұрғындар бей-берекет қоқыстан 200-ден астам көшені, 12347 ғимарат аумағын, 287,3 км арық жүйелерін, 452,8 км автокөлік жолдарын тазартты, 4975 аула мен 98 әлеуметтік, өнеркәсіптік, мәдени нысандар абаттандырылды. Сол сияқты 1168 қума метр қоршау орнатылып, 52 көше жарықтандырылды, 267 гүлзар мен 6507 көшет отырғызылды. Полигонға 2 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды.

Айлық аясында Ұйғыр ауданының 25 елді мекенінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. 201 көше, 6 мың аула, 55 км арық жүйесі, 64 км автокөлік, сол сияқты саябақ пен стадион, ауыл жанындағы зират маңы тазартылды. Сонымен қатар 3 бордюр орнатылды. Кәсіпорындардың арнайы техникаларының көмегімен 650 тонна қоқыс шығарылды. Бірнеше көшеге жарық шамдары орнатылып, билбордтар қойылды, 1200 декоративті ағаштар егілді. Жалпы республикалық акция шеңберінде Ұйғыр ауданының жасыл желегі 7 мың жас көшетпен толықты.

Санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру екіайлығын өткізу жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, әрбір тұрғын өз ауласын, туған ауылын, қаласы мен ауданын таза әрі реттілікте ұстауға назар аударғанын айтады. Бұл орайда рейд барысында коммуналдық қызметтердің жұмысына ескерту айтылды. Ауылдық округ әкімдіктеріне кемшіліктерді тез арада жойып, елді мекен тұрғындарының арасында тазалық мәселесі болйынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар