Қоғам 01.05.2017 сағат 10:52  809

Бауыржан Байбек: Қазақстандық бірлікті одан ары нығайту қажет

Алматы жұрты 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өтуде. Алматыдағы Республика сарайы алдында құрылған басты сахнада отандық және Әзербайжан, Татарстан, Өзбекстаннан келген өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Басты сахнада алматылықтар мен қала қонақтарын құттықтаған шаһар басшысы Бауыржан Байбек әлемге үлгі болып отырған қазақстандық біртектілікті одан ары нығайту қажеттігін айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Баршаңызды еліміздегі достық пен татулықтың, ашық аспан мен бейбіт өмірдің мерекесі 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықаймын. Былтыр біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын кеңінен атап өттік. Елбасы атап өткендей, қазақстандықтар - біртұтас ұлт. Қазақстандық біртектілікті одан ары нығайту қажет. Барлық этностарға өздерінің өнерлерін жаңғыртуға, әдет-ғұрыптарымен дәстүрін сақтауға, дамытуға және ана тілдерін оқытуға мүмкіндік жасалды. Мемлекет басшысының көрегенділігімен осыдан 22 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуда баламасы жоқ институт екенін дәлелдеді. ««Қол ұстас, бірігіп, тізе қос!» деп Сәкен жырлағандай, біз баршамыз бірігіп тізе қосып еңбек етеміз деп сенемін», - деді Бауыржан Байбек.

Бүгінгі мереке «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» деп аталатын 300 биші қатысқан хореографиялық композициямен ашылып, көрерменді шаттыққа бөледі. Әсіресе, ұлттық билер мен шетелден келген қонақтар сахнаның ажарын кіргізді.

Әзербайжаннан келген әнші Найлидің орындауындағы «Менің халқым» әні мен өзбекстандық әнші Лобар Заходиеваның орындауындағы «Румолим» әні көрермен жұртты тәнті етті. Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жаса, Қазақстан» әні жастар қауымын серпілтіп тастады.

Бүгінгі мереке алматылықтар үшін кешке дейін жалғасады. Кешқұрым Турецкий хорының ұжымы қазақ тіліндегі композицияларды орындамақ.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар