Қоғам 02.05.2017 сағат 03:47  1445

Астана әуежайында орынсыз әзіл айтқан Ауғанстан елшісін тәртіп сақшылары ұстады

1 мамырда Астана әуежайында Иранның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки бірнеше сағат бойы тәртіп сақшыларының алдында түсінік беруге мәжбүр болды. Ол қызмет мерзімі аяқталғандықтан, Кабулға бет алған деп хабарлайды Afghanistan.ru.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауғанның 1TV арнасының мәліметінше, Мохаммад Фарук Бараки кеденшілердің "Жүкте не бар?" деген сұрағына "Жарылғыш зат бар" деп айтқаны үшін ұсталған. Экс-елшінің бұл сөзі төтенше шаралар қолдануға себеп болған. Әуежайдың кіреберісі қоршауға алынып, оқиға орнына арнайы қызметтің 100 қызметшісі барған. Дипломат үш сағат бойы қамауда болып, Қазақстан СІМ қызметкерлері араша түскеннен кейін ғана босатылған. 

Бұрынғы елші әлеуметтік желіде осы оқиға жайлы білдірген пікірінде "бір сұрақты бірнеше рет қойды" және "әзілді түсінбеді" деп бар жауапкершілікті әуежай қызметкерлеріне артып отыр. Ал Ауғанстан СІМ өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірше пікір білдірген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар