Қоғам 02.05.2017 сағат 09:58  3353

Билік қазақстандықтардың киім кию үлгісіне шектеу қоюы мүмкін

Қазақстандықтар біздің дәстүріміз бен заман талабына сай киім киюі тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді деп жазады Премьер-министрдің ресми сайты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы ҚМДБ басшыларымен кездесу барысында сақалдарын өсірген және шалбарлары қысқартылған жігіттердің, сондай-ақ қара киім киген қыздардың сыртқы келбеті біздің дәстүрімізге сай келмейтінін айтты.

«Әрине, бізде әр азаматтың өз қалауынша киінуіне құқық сақталады. Сонымен бірге, біздің халқымызға тән емес ережелерге бағынатын азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп атап өтті Н.Ермекбаев.

Министр өз азаматтары мен шетелдік туристердің киімдеріне қатал талап қойылған Таяу Шығыс елдерін мысалға келтірді. Оған қоса, діни ұстанымдары өзге адамдар осы елдерге келіп, сыртқы келбетке қатысты қабылданған ережелерге бағынады.

«Бұл өте маңызды, кінәмшіл мәселе. Біз оны сарапшылармен және мамандармен бірге жан-жақты пысықтаймыз. Үкімет пен азаматтық қоғам дұрыс, салмақты шешімге келеді», – деп түйіндеді Н.Ермекбаев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар