Қоғам 26.04.2017 сағат 11:10  548

Алматыда Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Бүгін Алматыдағы Байтұрсынов атындағы гүлзарда Чернобыль апатының құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Аталған аллеядағы осынау апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендерге арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып, жиналғандар марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шараны «Чернобыль және аймақтық соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, оған Чернобыль апатынан зардап шеккен алматылық ардагерлер мен жергілікті билік өкілдері және ерікті азаматтар қатысты.

Айта кетейік, Чернобыль атом электр станциясында болған апаттың салдарымен күресуге Қазақстаннан 31 743 сарбаз аттанған болатын. Қазақстандық жауынгерлер алғашқылардың бірі болып атап орнына барып, өз еріктерімен құтқару жұмыстарын жүргізген. Салдарынан, радиациялық сәуленің зардабын ең көп тартқандардың бірі де біздің жерлестеріміз.

Чернобыль апатының құрбандарын еске алу шаралары елімізде жыл сайын өткізіледі. Алматыда да айтулы шара дәстүрге айналған. Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында былтыр апаттың 30 жылдығына орай ескерткіш тақта ашылған болатын. Енді жыл сайын мұнда гүл шоқтары қойылып, марқұмдардың рухына құрмет көрсетіледі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар