Қоғам 04.05.2017 сағат 03:25  984

ОҚО-да мемлекеттік бағдарламамен берілген екі үй жарты жыл өтпей қирай бастады

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып, пайдалануға берілгеніне бірнеше ай ғана болған үйлер қираудың сәл алдында тұр. Иұрғындар қабырғадағы жарылған сызаттан көршілерін көретінін айтып, КТК телеарнасына шағымданған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу
Осы үйлері үшін жылдап кезекке тұрған Отырар ауданы тұрғындарының баспаналарына әу бастан-ақ көңілдері толмаған. Себебі, жаңа деген аты болмаса кіре сала қабырғаға сызат түсіп, сантехникасы қирапты. Ал, шенеуніктер ол туралы ешкімге тіс жармауды бұйырған.

Бұл үйлер 5 айдан аса уақыт бұрын пайдалануға берілген. 18 пәтерлік 10 үйді тапсыру үшін тіпті облыс әкімі арнайы келген болатын. Бүгінде сол үйлердің екеуі мынандай күйде. Қабырғадағы саңылаудан екінші ғимарат көрінеді. Қыс бойы бүрсеңдеп шыққан жұрт еш қарекет қылмады деп шенеуніктерге өкпелі. Әкімдіктегілер расымен, қабырға қақырап тұрғанын білсе де, апатты деуге асықпаймыз деп жайбарақат отыр.

Мұрат Есінбек, Отырар аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Құлап кетпеуге оның арасында сыммен қаланды. Құлап кететін болса сол кезден бері құлап кететін еді. Оның астындағы жаңағы топырақ дұрыс тығыздалмаған ба, сондай себептер бар. 

Проблеманы білсе де, Құдай сақтасынмен жүрген басшылар құрылыс жобасында болмаған пандусқа дейін салып беретін болды. Бар күшін салуға уәде еткен атқамінерлер мамырдың соңына дейін мәселені шешіп тастамақ. 

Жұрт айлап шақыра алмаған шенеуніктер жұмысты бірер күнде бастаймыз деп отыр. Ол үшін әуелі жергілікті әкімдік пен мердігер компаниядан құрылған комиссия мұндағы олқылықты өз көзімен тағы бір көруі керек. Содан кейін ғана қираудың аз-ақ алдында тұрған үйлермен қатар тіпті аулаға дейін қанттай қыламыз деп уәде береді. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар