Қоғам 04.05.2017 сағат 11:18  3716

Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған күдікті қыздың ата-анасымен таныс болған (ВИДЕО)

Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған 48 жастағы күдікті сол қыздың ата-анасымен жақын таныс болған. Ер кісіні танығаннан кейін жәбірленген бүлдіршін оның соңынан еріп кете беріпті. Бұл туралы күдіктіні ұстаған жұмысшылардың бірі Асқар Қажығұмаров айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға Астанада салынып жатқан жаңа темір жол вокзалының маңында 3 мамыр күні орын алған болатын. Бұл жерден қазір жылу құбыры жүргізіліп жатыр. Асқар Қажығұмаров жұмыс істеп жүріп ересек ер адам мен кішкентай қыздың кетіп бара жатқанын байқаған. Қыздың қолында қуыршағы болыпты.

"Ол алдында, қыз соңынан еріп бара жатты. Мен бірден жаман ойладым, педофил емес пе екен деп. Бірақ, кейін әкесі болар деп мән бергенім жоқ, арттарынан ұзақ қарадым. Сәл уақыттан кейін өзге жұмысшылар әлгі еркектің кішкентай қызды зорламақ болғанын айтып айқайлады. "Педофил, педофил" дегендерін естідім. Ол жұмысшылар да ер адам мен қыздың қайда бара жатқанын бақылап тұрыпты. Кейін қызды шешіндіре бастағанын байқаған. Жүгіріп барғандарында ол қашып кетті", - дейді Асқар Қажығұмаров.

Жас жігіт дереу полицияға хабар берген. Тәртіп сақшыларының келгенін күтпей жанындағы серігі Сәкен Құлмановты ертіп ол күдіктінің артынан қуа жөнелгенін айтып отыр. Ер азамат суға түсіп, қамыстардың арасына жасырынған.

"Біз алдымен суға жақындап, оны әңгімеге тарттық, мұндай қадамға не үшін барғанын сұрадық. Судан өзі шығуын талап еттік. Ол болса түсініксіз айқайлай бастады. Мұнан кейін біз Сәкенмен суға өзіміз түсіп, оны ұстап алып шықтық. WhatsApp арқылы тараған видео сол судан шыққан сәт болатын", - дейді Асқар.

Осы сәтте оқиға орнына полицейлер де келіп жеткен. Тәртіп сақшылары Асқар Қажығұмаров пен күдіктіні 6 жасар қыздың үйіне жеткізген. Қыздың ата-анасымен кездесу барысында педофилдің бұл отбасымен жақын таныс екені белгілі болды. Күдікті кішкентай қызды үйінен "балмұздақ әперемін" деп алдап алып шыққан екен.

"Кейінірек қыздың әкесі айтқандай, ол күдіктімен жақын таныс болыпты. Ол бұл үйге жиі келеді екен. Ата-ананың ойында ешқандай күдік болмаған. Биыл наурыз айында күдікті түрмеден шыққан", - дейді Асқар Қажығұмаров.

Айта кетейік, кішкентай қызды зорламақ болған 48 жастағы күдікті бүгінде уақытша ұстау абақтысына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар