Қоғам 10.05.2017 сағат 05:33

Депутат Серік Сәпиев киіктердің тағдырына алаңдаушылық білдірді

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев киіктердің тағдырына алаңдаушылық білдірді. Ол батыс облыстарында автокөлік жолдарын салуда аталған жануарлардың өміріне қауіп төнетінін айтып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутаттар "Ақтөбе-Мақат" автожолын салу үшін Азия Даму банкінен қарыз алу келісімін ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Осы заңды талқылау барысында Серік Сәпиев жол құрылысы кезінде жабайы жануарлардың өміріне төнетін қауіп туралы айтты.

- "Ақтөбе-Мақат" автожолын жөндеуден өткізу барысында біз жан-жануарларды да естен шығармағанымыз жөн болар. Мәселен, киіктердің миграциясы бұзылып, олар тағы да қырылуы мүмкін. Осыған орай, жабайы жануарлардың қозғалысына бөгет болмау үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып өтсеңіздер? - деді Сәпиев ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке.

Министр болса құзырлы сала мамандарымен ақылдасып, ортақ шешімге келгенін айтып отыр.

- Расымен де біз айтып отырған облыстармен жабайы жануарлардың көші жүріп өтеді. Бірақ, дәл "Мақат-Ақтөбе" тас жолы бұл аймақтарды кеспейді. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен алдын ала кеңесіп, рұқсатын аламыз. Дегенмен, көрші Арқалықтан Ырғыз арқылы Ақтөбеге өтетін жол бөлігі жануарлардың көшетін жолымен қиылысады. Біз қазір бұл бөлікті жобалап жатырмыз, ол жерден жануарлар жүріп өтетін орындар қарастырдық, - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, аталған келісімге сәйкес, Азия Даму банкі Қазақстанға 240 млн доллар көлемінде қарыз береді. Бұл қаражатқа Ақтөбе мен Мақат арасын жалғайтын қос жолақты 299 шақырымдық жол түгелдей қайта салынып шықпақ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар