Қоғам 11.05.2017 сағат 06:42  1046

Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 15 адам жараланды (ВИДЕО)

Алматыда қоғамдық көлік пен Mercedes-Benz G-класс соғысып, 15 адам зардап шекті деп жазады Tengrineus.kz "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған.

Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар