Қоғам 16.05.2017 сағат 03:15  701

Ақтөбеде қызын өлімші етіп сабап тастаған ата-ана өздеріне қол жұмсап өлді

Өгей қызын өлімші етіп сабап тастаған ақтөбелік әйел туралы ақпарат күні кеше отандық БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Құрайлы ауылдық округінде 7 жасар қыздың көрінбей кеткенін айтып полицейлерге көршілерінен шағым түскеннен кейін, учаскелік инспектор ол тұратын үйге барып тексеру жүргізген. Өгей шешесі кішкентай қызды туыстарының үйіне кетті деп алдағанымен, тәртіп сақшысы көрші бөлмеде жылап жатқан дауысты естіп қалыпты. Үйге кіріп қараған полицей екі көзі де көгеріп, бет-аузы ісіп кеткен қызды көрген. Мұнан кейін жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Ал, қатыгез ата-ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы жаңалық тарағаны сол екен, күні кеше күдікті деп танылған ер азамат пен оның екінші әйелі биік мұнараның үстіне шығып секіріп кетті. Алған дене жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"2017 жылжың 15 мамырында "102" телефонына Ақтөбе қаласының маңындағы Құрайлы ауылында ретрансляция мұнарасының үстінен бір әйел мен ер адамның секіруге дайын тұрғаны жайлы аноним хабар түсті. Оқиға орнына барған жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері олармен келіссөз жүргізді, бірақ бұған қарамастан ер адам мен әйел мұнарадан секіріп кетіп, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері суицид дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер тергеудің нәтижесін алдағы уақыттарда хабарлауға уәде берді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар