Қоғам 17.05.2017 сағат 06:32  745

Оралда жол жиегін бояп жүрген жұмысшыны көлік қағып өлтірді

Оралда жол жиегінде жұмыс істеп жүрген екі жұмысшыны көлік қағып кетті деп хабарлайды "Мой город" порталы. Жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Жұмысшылар "Жайық таза қала" компаниясында жұмыс істеген екен. Олар бүгін таңертең Подстепное ауылына барар жолдағы көпірдің жиегін бояулары тиіс болған. Қайғылы жағдай таңертеңгі сағат 8-дер шамасында орын алды.

Адамдарды қаққан "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі саяжай жақтан қалаға бет алыпты. Ол баласын балабақшаға апаруға асыққан. Жолда балаға алаңдаймын деп, жұмысшыларды көрмей қалғанын айтып отыр. Қазір бұл іспен полиция айналысуда.

Соңғы жаңалықтар