Қоғам 17.05.2017 сағат 09:06  611

Алматы облысында өзен жағасында 2 жасар қыз жоғалып кетті

Алматы облысындағы Балықты өзенінің жағасында ойнап жүрген 2 жасар қыз жоғалып кетті. Құтқарушылар қатар ағып жатқан Балықты мен Қаратал өзендерін осымен 5 күн қатарынан іздеуде. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғалған қыздың отбасы Балықты өзеніне жақын маңда тұрады екен. Ата-анасы сәбиді аз уақытқа жалғыз қалдырып кеткен, бірақ оның қалай жоғалып кеткенін білмейді. Құтқарушылар өзен жағасынан қыздың аяқкиімін ғана тапқан. Сондықтан, оның суға ағып кетуі мүмкін екені айтылуда.

Қазіргі таңда кішкентай қызды іздеуге 12 құтқарушы мен 2 техника және 2 қайық жұмылдырылған. Сонымен қатар, Өрт сөндіру және апаттан құтқару бөлімінің тағы 19 маманы мен 2 техникасы қызды іздеуге көмектесуде. Полицейлер мен жергілікті тұрғындар да өзен жағасын бойлап, сәбидің ізіне түсе алмай жатыр.

Соңғы жаңалықтар