Қоғам 18.05.2017 сағат 09:33  673

Астанада соңғы 5 жылда 1084 жер телімі пайдаланылмай жатқаны анықталған

2012 жылдың 11 сәуірінен Астана қаласының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп құрылыс салуға берілген жерлердің игерілу процесстерін бақылайды. Осы 5 жыл бойы жүргізілген тексерулердің қорытындысы қала әкімдінің ресми сайтында жарияланған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Барлық кезеңде қала аумағында жалпы көлемі 16,0 гектар 1084 пайдаланылмайтын жер телімдері анықталған. Оның 269-ы мемлекетке қайтарылған. 77 гектарды құрайтын 33 участке 2016 жылы тапсырылған («Паритет 2003» ЖШС, «Астана Бетон-Строй ЛТД» ЖШС, жеке тұлғалар Омаров Ж.А., Мурзабекова З және т.б.) және аумағы 4,3 га 2 телім 2017 жылы өткізілген. ( «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС, «Мечта» ЖШС);

473 участкелерде иелері мен жер пайдаланушылар жерді игеруге кірісті. 2016 жылы қалған 342 жер телімдерінің иелеріне пайдаланылмайтын жерлерді алуды қамтамасыз ету Жол Картасына сәйкес 1 жыл ішінде жерді мақсатты пайдалану туралы ескерту берілді. Бұл мерзім ішінде иелері жерді іске жаратпаса, сот мәжбүрлі түрде жерді қайтарып алу туралы шешім шығарады. 

Қазіргі таңда қорытынды зерттеу жүргізіліп аумағы 65,4 гектар 18 жер теліміне қатысты талап қойылды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар