Қоғам 19.05.2017 сағат 02:25  758

Алматы облысында құпия жағдайда көз жұмған кішкентай екі баланың мәйіті табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен Ермек пен Абылайды туыстары екі күн іздепті. Бірі 9, екіншісі 10 жастағы ойын балаларын жоғалар күні де көрген ешкім жоқ. Тек екі күннен кейін ғана олардың өлі денесі сарайдағы сандықтың ішінен табылды. Олардың неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Тығылмақ ойнап жүріп, сандыққа жасырынған балалар тұншығып өлген деген болжам айтылуда. Дегенмен, бөлме ішінде тамған қанның іздері бар деп мәлімдеді 31-арна тілшілері.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Балалардың мәйіттерін туыстары 14 мамыр күні түнгі 12 шамасында тауып алған. Алғашында тірі шығар деп ойлағанымен, үміттері ақталмапты. Ұзындығы 1 метр биіктігі 40 сантиметрден асатын шағын сандық темір қаңылтырмен қапталған. Балалар көк сандық ішінде бірінің үстінде бірі жатты дейді көргендер. Сандық тұрған жерде кімдікі екені белгісіз қан іздері әлі жатыр.

"Барсам арғы бұрышта сандық тұр екен. Сандықтың ішінде екеуі жатыр. Астында Абылай жатыр, Абылайдың қолы былай, оның үстіне менің баламды жатқызып қойған. Балам былай бүктеліп екеуі құшақтасып жатыр. Біз балалар тірі шығар деп ойладық", - дейді Ермектің әкесі Дәлат Кәдірбеков.

Алдын ала мәлімет бойынша балалар ойнап жүріп сандыққа кірген, ал сандық қақпағы жабылып ілмегі бекітіліп қалғаннан екі бүлдіршін тұншығып өлген. Алайда Абылай мен Ермектің туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Әсіресе, Ермектің анасы ұлының өліміне көршісінен және екінші күйеуінен күдіктенеді.

"Складтың бәрі ашық жатыр, шеге, балғалар шашылып жатты. Ол да ашумен келіп өлтіріп қоюы мүмкін. Одан да күмәнданамын. Менің бар шырылдағаным - баламды өлтірген адамды тапса екен деп жүрмін", - дейді Ермектің анасы Жансая Кәдірбекова.

Абылай мен Ермекті оқиға болған күні көрдім деген жан жоқ. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық істі облыстық ішкі істер департаменті өз бақылауына алған. Тергеу аяқталмағандықтан полицейлер де толық мәліметке сараң.

"Екі баланың өліміне қатысты бірнеше сараптама тағайындалды. Осы сараптамалар нәтижесінде оқушылардың неден қайтыс болғаны анықталады. Нәтижелерді қолға алған соң ауыз толтырып бірдеңе айтуға болады", - дейді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар