Қоғам   19.05.2017   сағат   07:47     598

Астанада қаңғыбас иттерге арналған фотокөрме өтті

Елордада үй жануарлары мен иесіз қалғандардың проблемаларына арналған «Олар сезеді» атты қайырымдылық фотокөрме өтті. Шараны «Құланшы» заманауи өнер орталығы мен «Астана ақкөңілділер клубы» ұйымдастырып отыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада қаңғыбас иттерге арналған фотокөрме өтті

«Қазақстанда жануарлар проблемасы өзекті. Оларға деген жауапсыздық деңгейі жоғары. Күн сайын приюттар иттер мен мысықтарды тек даладан ғана қабылдамайды, қожайындары өздері құтылғылары келетін жағдайлар көп. Жануарларға қытыгездік танытып, мазақ етеді. Біздің мақсатымыз – қоғамға махаббат пен мейірім энергиясын жеткізгіміз келеді. Жануарлардың жазығы жоқтығын, оларға қамқорлық жасау адамдар үшін міндетті әрі үйреншікті жағдай болуы керектігін түсінсе», - дейді клуб негізін қалаушы Гүлмира Әбдрашева.

«Олар сезінеді» фотокөрмесі «Құланшы» заманауи өнер орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатыр.

«Астана ақкөңілділер клубы» қайырымдылық ұйымы – түрлі оқиғалар мен тағдырларға бей-жай қарамайтын елорда тұрғындарын біріктірді. Барлық ниет танытқандар отандастарына көмектесе алады. Бірден емделуді қажет ететін, көпбалалы отбасыларына, балалар үйі мен қарттар үйіне орналастырылған байланыстар арқылы қаражат жіберуге болады.

Соңғы жаңалықтар