Қоғам 22.05.2017 сағат 04:27  658

Алматы ЖОО-лары «Қоршаусыз қала» бастамасын қолдады

Алматының алдыңғы қатарды жоғары оқу орындары өз ғимараттарын қоршап тұрған шарбақтарды алдырып жатыр. Бұл бастаманы бүгінде үш университет қолдаған. Ең бірінші болып Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы қоршауынан құтылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бізге «Қоршаусыз қала» идеясы ұнады, сондықтан ғимаратымызды қоршап тұрған шарбақтарды алдырттық. Бұл бастама қаламызға сұлулығын қайтарады, өйткені қоршаулар тұрғындарға қала сұлулығымен тамсануға мүмкіндік бермейді. Бұл қаланың ескі бөлігі, мұнда енді көптеген ағаш отырғызылады. Бізде «Зеленстрой» мамандары көгалдандырумен айналысып, өсіп тұрған ағаштарды күтіп баптайды. Әлемнің ірі қалаларының бәрінде орталық бөлік ешқашан қоршалмайды және тұрғындар үшін ашық, сол секілді Алматы да қоршаусыз қалаға айналуы тиіс. Жергілікті тұрғындар, туристер саябақтарда, гүлзарларда көп демалуы керек», - дейді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының баспасөз хатшысы Гүлнар Махметова.

Өз саябағының сұлулығын Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті де ашып отыр. ЖОО басшыларының айтуынша, темір шарбақтар көзге ерсі көрініп, жасыл қаланы сұлулығынан айырады.

«Қала өсіп келеді, осы қаланың тұрғыны ретінде мына қоршаулар маған да ұнамайды. Олар қала мен оның тұрғындарының арасын бөліп тұрғандай. Ал, қоршау алынғаннан кейін тұрғындар біздің саябаққа емін-еркін кіріп, демала алады. Тек қоқыс тастап, былғамаса болды. Сондай-ақ, ЖОО аумағына үй жануарларын әкелуге де болмайды. Қауіпсіздік мәселесіне де алаңдаудың қажеті жоқ. Саябақ жарықтандырып, бейнекамералармен жабдықталған», - дейді аталған университеттің проректоры Өмірзақ Нұрғабылов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар