Қоғам 24.05.2017 сағат 03:21  1001

Астанада тағы бір әскери мекеменің басшысы парамен ұсталды

Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б.Ш.Халық 70 мың доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды деп жазады Tengrinews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі агенттіктің бас консультанты Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған. Сонымен қатар, Б.Ш.Халық РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Ол бұл ісін бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге жасаған", - делінген хабарламада.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленгені айтылады. 

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар