Қоғам 25.05.2017 сағат 04:16  573

Семей әкімдігі Әлихан Бөкейханның ескерткішін бұзуы мүмкін

Семей қаласының әкімдігі Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханға тұрғызылған ескерткішті бұзуы мүмкін. Өйткені, ескерткіш жеке адамның ақшасына жасалып, рұқсат етілмеген жерге орнатылған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ескерткішті семейлік тракторшы Берікхан Жұмаділов өз қаржысына жасатыпты. Бұл идея оған 4 жыл бұрын келгенімен, материалдық қиындықтар қолбайлау болған. Дегенмен, былтыр қоғам қайраткерінің 150 жылдығы қарсаңында Жұмаділов ақша жинауды бастап, жиған ақшасы 500 мың теңгеге жеткенде іске кірісіп кетіпті. Ол жергілікті қолөнер шеберлеріне тапсырыс берген.

"Олар менің ескі достарым. Өз ісінің шеберлері. Олар мен жинаған түрлі ескерткіштерді реставрациялаудың арқасында Әлихан Бөкейханның ескерткішін жасап шығарды. Біз былтыр ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Ал, сол тәуелсіздік үшін күрескен Әлихан Бөкейхан атамыз да былтыр 150 жасқа толған еді", - дейді тракторшы Берікхан Жұмаділов.

Нысанды жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Жиған ақша түгелдей материал сатып алуға жұмсалыпты. Ескерткіш арзандау материалдардан жасалса да, сапасы жоғары дейді оның авторы. Ешқандай жауын-шашын тас мүсінді бүлдіре алмайды.

Дегенмен, жергілікті билік өкілдеріне ескерткіштің орналасқан жері "ұнамаған" көрінеді.

"Осыншама еңбекпен жасалған ескерткішті енді бұзуға тура келетін шығар. Өйткені, әкімдік қарсы. Маған әкімдік өкілдері бірнеше рет келді. Бұл ісімнен бас тартуымды айтты, өйткені, заңға қайшы. Алдымен, жергілікті биліктен рұқсат алуым керек екен. Мен ол рұқсатты алуға асыққан жоқпын, ескерткіш дайын болғанда оны біреу сатып алатын шығар деп ойладым. Ешкім сатып алмаған соң өз үйімнің жанына Ертіс өзенінің бойына орнатып қойдық. Бұл игі іс қой, ешкімге зияны жоқ. Оның үстіне қаншама ақшамды шығындадым. Обал", - дейді ескерткіш авторы Берікхан Жұмаділов.

Кейінірек белгілі болғандай, әкімдік те Әлихан Бөкейханға ескерткіш орнатқалы жатыр екен. Тіпті, байқау да жарияланыпты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар