Қоғам 25.05.2017 сағат 06:01  1024

Асқар Мырзахметов еліміздегі киіктердің саны әлдеқайда көбейгенін айтты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы киіктердің саны қайта көбейген. Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Мырзахметов Сенатта өткен жиында баяндады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Біз былтыр санақ жүргізген болатынбыз. Дәл осындай санақ биыл сәуір айында да жүргізілді. Оның нақты нәтижесі әлі дайын емес. Өткен жылдың санағына сәйкес, Бетпақдала, Үстірт және Орал популяциясында 108 мың бас киік бар. Сәуір айындағы санақтан байқағанымыз, киіктердің саны өткен жылдан қарағанда әлдеқайда көбейген", - дейді Асқар Мырзахметов сенаторлардың сұрағына жауап беру барысында.

Оның айтуынша, былтыр киіктердің күрт азайғаны байқалған. Жануарларды қорғау және олардың санын көбейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шараларды қолға алыпты.

"Өкінішке қарай, киіктердің қырылу дерегі орын алды. Біз бұл жайтты зерттеу үшін үлкен жұмыс атқардық. Қазірдің өзінде шамамен 200 инспекция, 70-тен астам техникамыз бар. Сондай-ақ, тікұшақпен үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Біз ғалымдарды тартып, киіктердің популяциясын ұлғайту үшін әлі де жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Еске салайық, 2015 жылы еліміздегі киіктер жаппай қырылып қалған болатын. Кейбір деректер бойынша, барлығы 140 мыңға жуық жануар белгісіз аурудан өлген. Тәуелсіз сарапшылар киікке келген жұтқа Байқоңырдан ұшырылған ресейлік зымырандар кінәлі десе, ресми билік өкілдері жануарлардың пастереллез ауруынан өлгенін айтып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар