Қоғам 26.05.2017 сағат 09:23

Ораза қарсаңында Алматыда жаңа мешіт ашылды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округінде жаңа мешіт пайдалануға берілді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұрынғы құлшылық үйі әрі ескіріп, әрі ниет етуге жиналатын қауымға таршылық еткендіктен жаңа мешіттің ашылуы көптен күткен игі іс еді. Сол күнге жеткеніне риза болған қауымның қуанышын мешіт ауласына еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін жиналғанынан-ақ көруге болады» - дейді  Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов.

Алдымен ата-баба рухына арнап жаңа мешіттің құрметіне құран аяттарынан дұға бағышталды. Алла Тағаланың жердегі ақ үйінің иманға ұя боларлық мәртебесінің мерейлі болуына арналып ақ баталар мен игі тілектер легі ағылды. ҚМДБ-нан келген қонақтар да «Құлшылық үйі әр жүрекке иман мен ізгілік нұрын сеуіп, ұлы іс ұрпақтан ұрпаққа жалғассын» деген ізгі ниеттерін жолдап, уағыздарын айтты.

Кіре беріс есігі ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген құлшылық үйі 500-ден астам орынға лайықталған. Барлық инженерлік коммуникациялар тартылған. Арнайы әйелдердің ғибадат жасайтын залы мен күмбездік қабатында қосалқы орын-жайлар қарастырылған. Неке қию рәсіміне арналған зал да ұмыт қалмаған. 

Салтанатты лента қию рәсімінен соң жаңа мешіт ішінде жұма намазы оқылды. Намаздан кейін жиналған қауымға арнайы ас берілді.

Д.Жұмақұлова

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар