Қоғам 27.05.2017 сағат 06:29

Шымкентте өз баласының басынан күрекпен ұрып азаптаған ер азамат ұсталды

Шымкенттік полицейлер өз баласын азаптаған 49 жастағы ер азаматты ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде шамамен 4-5 жасар баланың басынан күрекпен бірнеше рет ұрған ер азамат туралы видеоролик тараған болатын.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазіргі таңда 1968 жылғы күдікті полиция бөлімшесінде. Тәртіп сақшылары оның өз баласын неліктен ұрғандығын анықтап жатыр. Белгілі болғандай, әкесінен "таяқ жеген" сәби небәрі 5 жаста екен. Анасы отбасын тастап кеткендіктен, бала әкесімен бірге тұрады.

Күдікті ер азамат біреудің үйінде жалданып жұмыс істейді. Видеоролик сол жұмыс орнынан түсірілген. Онда әкесі ұлын автокөлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күректің сабымен, кейін қолымен ұрғаны анық көрінген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар