Қоғам 06.05.2017 сағат 11:54  448

Талдықорғанда санитарлық тазалыққа қатысты жиын өтті

Жуырда Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың төрағалығымен облыс елді мекендерін санитарлық тазалау абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі екіайлығын өткізу жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында негізгі баяндаманы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов жасады.

Б. Тәнекеновтың айтуынша, облыс әкімдігінің «Облыс елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі екіайлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында штаб мүшелері тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні арнайы құрылған жұмыс топтары облыстың елді мекендерінде санитарлық айлықтың өту барысын қадағалауды жүзеге асыруда. Оның қорытындысы бойынша жұмыс топтарының мүшелері тарапынан аудан және қала әкімдіктеріне анықталған кемшіліктерді жойып, жоспарланған жұмысты белсенді атқару туралы тапсырмалар берілген.

Мұнан кейін штаб мүшелері қатарындағы облыстық басқармалар мен департамент басшылары сөз алды.

Жиын қорытындысында Айдарбек Байжанов бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Штаб мүшелеріне облыстың аудан, қалалары бойынша фото-, бейнеслайдттар түрінде қорытынды материалдар дайындауды тапсырды. Сонымен қатар ІІД, экология, сәулет және қалақұрылысы басқармалары, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті көркейту талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесуі керектігі айтылды. Бұл жұмысқа жергілікті БАҚ белсене атсалысып, санитарлық тазалық шараларының маңызы туралы кеңінен насихаттауы тиіс.

Бұл орайда А.Байжанов штаб мүшелерінің жұмысын белсенділендіруді және облыстың аудан, қалаларында санитарлық тазалық бойынша қойылған міндеттердің сапалы әрі жауапкершілікпен орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Атап өтерлігі, көктемгі айлық қорытындысы бойынша 15 сәуірдегі мәліметке сәйкес 19 аудан мен 3 қаланың елді мекендерінде санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру ісіне 37 мыңнан астам адам тартылды. 6546 көше, 171 мыңнан астам үйлер мен ғимараттардың аулалары тазаланып, 10 462 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар арық жүйелері, жолдар тазаланып, көшелер жарықтандырылды, ғимараттардың қасбеттері безендіріліп, көшеттер отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар