Қоғам 29.05.2017 сағат 15:43  1330

Тұрғындарды діни сауаттандыру қажет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты кітабында экстремизммен күресудегі құқыққорғау органдарының профилактикалық қызметінің маңызына ерекше тоқталады. Елбасы «Полицей қызметінің бақылау шаралары арқылы діни ұйымдар, қайырымдылық қорлары және экстремистік топтардың туу қаупін алдын-алуға бағытталған «дәстүрлі алдын алу шараларын» жүргізіп отыруымыз қажет. Негізгі басымдық – аймақтық және халықаралық экстремистік қозғалыстарған берілуі аса маңызды» деп жазады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы Елбасы ұсынған «дәстүрлі алдын алу шараларының» аясында дінтанушы ғалымдар, имамдар және психологтармен бірлесе отырып оқу-ағартушылық, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асыруда.

– Еліміздің ірі мегополисі саналатын Алматы қаласында 17 конфессия (республика бойынша 18) жұмыс істейді. Қаланың үштен бір бөлігін 30-ға дейінгі жастар құрайды және мұнда еліміздегі студенттердің 30 пайызы білім алуда. Көп жағдайда, жастардың түрлі қалыпты жағдайдан тыс әлеуметтік топтарға еріп кететінін ескерсек, біздің басқарма бұл мәселеде тыңғылықты істер атқаруда, – дейді Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып «Заманауи мегополис жағдайында діни экстремизмнің алдын алу» («Профилактика религиозно мотивированного экстремизма в условиях современного мегаполиса») атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген болатын. Аталмыш шара аясында «Замануи әлемдегі дін» («Религия в современном мире») кітабының және «Салауат» оқу-мәдени орталығының «Мемлекет пен қоғамның мақсаты – антитеррор» («Антитеррор - задача государства и общества») атты деректі фильмінің тұсауы кесілді. Ғылыми жиынға жиылған сарапшы мамандар бұл конференцияның қазіргі қоғам үшін аса маңызды екенін атап өткен еді. Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор, Жоғарғы мектеп ғылыми Академиясының академигі Әбсаттар қажы Дербісәлі, қаладағы Орталық мешіттің бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы, Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмханов және тағы басқа отандық және шетелдік діни ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері мен ҮЕҰ қатысты.

Сонымен қатар, Достық үйінде Дін істері жөніндегі басқарма Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп Этникалық және дінаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында конференция өткізді.

Бұдан бөлек, қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының «Оқу және сараптау орталығының» сарапшысы Асхат Құмашев пен «НұрМүбәрәк» университетінің дінтанушысы Серік Тәджібаевтың қатысуымен «Нархоз» университетінде белсенді жастармен кездесу өткізілген болатын. Мұнда студенттер дін мәселесіндегі өзекті сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауап алды. Жиын барысында дінтанушы «Жастардың діни ағымдарға көптеп еріп кетуінің басты себебі – дәстүрлі ислам діні хақында сауатының төмен болуында. Осы мақсатта өскелең ұрпаққа ислам дінінің адами және діни мақсаттарын жіті түсіндіріп, сауаттандыруымыз қажет» деп атап өтті.

«Concordia» студенттер театрында аталмыш басқарманың өкілі М.Мадияровтың қатысуымен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесі түсіндірілді. Жиынның мақсаты – құқықтық және діни сауаттылықты арттыру.

Осындай шара Алматы қаласының барлық аудандарында қалалық Дін істері жөніндегі басқармажетекшілігімен Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, Қазақ спорт және туризм академиясында, Еуразиялық инновациялық экономика және басқарма академиясында, №176 мектеп-гимназиясында, №87 және №9 жалпы білім беретін орта мектебінде, Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі, Алматы жаңа технологиялар колледжі мен Халықаралық қазақ-қытай тілдері колледжінде, сондай-ақ, «Алматытелеком» және «Метрополитен» мекемелерінде, №97617 әскери бөлімінің жеке және офицерлік құрамына, Алматы қалалық өрт сөндіру қызметінің жұмысшыларына және тағы басқа мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға өткізілді. Бұдан өзге, Түркісіб ауданына қарасты «Ынтымақ» мешітінің алдында жергілік тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап өтейік, бүгінге дейін қалалық Дін істері басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни ағымдар мен секталар, ел тұрғындарын діни және құқықтық тұрғыда сауаттандыру турасында өткізген шаралар «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мемлекеттік бағдарламасын» тиімді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

А.Нұрмахан

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар