Қоғам   03.06.2017   сағат   08:28     735

БҚО-да ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды

Кеше кешкі сғат 19:00 шамасында Орал Ақсай тас жолында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам көз жұмды деп хабарлайды Хабар-24. Үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, төртіншісі бүгін ауруханада қайтыс болған.

БҚО-да ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды

«Жол апатынан 1980, 1975, 1997 жылғы үш әйел және қызыл түсті Volkswagen Sharan автокөлігінің жүргізушісі - 1987 жылы туған азамат қайтыс болды», – дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин.

Оның айтуынша, қос көлікте 7 адамнан болған. Зардап шеккендер Ақсай аудандық ауруханасында. Алдын ала болжам бойынша қызыл түсті «Фольксвагеннің» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соғылған.

Соңғы жаңалықтар