Қоғам 05.06.2017 сағат 04:55  772

Өскеменнің жаңа әкімі небәрі 3 күнде 3 келіге арықтап кеткенін айтты

Өскеменге әкім болып жаңа тағайындалған Қуат Тумабаев әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Ол өзінің жеке өмірімен бірге қазір Өскемендегі проблемаларды, оларды шешу жолдарын да жазуды әдетке айналдырған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кешегі демалыста Тумабаев өзінің арықтап кеткенін жазды. "3 күнде Өскемен әкімі 3 келі салмағынан арылды. 100 күннен кейін не болар екен?", - делінген қала басшысының Twitter-парақшасында.

Соңғы үш күнде Тумабаевтың жұмыс кестесі барынша тығыз болғанын да айта кету керек. Ол алдымен қаладағы қоқыс төгетін орынның өртін сөндіруге қатысса, артынша жол жөндеу жұмыстарын қадағалады. Мұнан кейін ол жергілікті тұрғындармен бірге веломарафонға қатысып, 23 шақырым жолды жүріп өтті.

Еске салайық, Қуат Тумабаев Өскеменге әкім болып биыл 30 мамыр күні тағайыналған болатын. Бұған дейін ол ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар