Қоғам 06.06.2017 сағат 10:42  810

ОҚО-да оқушының зорлануына қатысты арызды тіркемеген полицейлер де жазаланады

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 14 жасар оқушы қыздың зорлануына қатысты полицейлерді де жазаламақшы. Облыстың бас прокуроры Ибрагим Имановтың айтуынша, тәртіп сақшыларының үстінен "Салғырттық" дерегі бойынша іс қозғалған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еске сала кетейік, бұған дейін тергеу аяқталмай жатып тілшілерге істің мән-жайын өзінше баяндап берген Бәйдібек ауданының бас прокуроры қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Ол "Время" газетінің тілшілеріне сұхбат беріп, 21 жастағы күдіктінің кінәсі жоқ екенін, жыныстық қатынасқа екеуі өз еріктерімен барғанын айтқан.

Қазіргі таңда жәбірленген оқушы қыздан жауап қайта алынып, күдікті жігіт сот санкциясымен қамалды. "Зорлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір Бәйдібек ауданының прокуроры А.Мұстафаевтың үстінен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Ол осы тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді. Ал, күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу ісі өзге прокурорға жүктелді", - деді ОҚО прокуроры.

Айта кетейік, 14 жасар қызды 21 жастағы жігіт 10 мамыр күні Шаян ауылындағы мектебінен көлікке күштеп салып алып кеткен. Жеткіншекті күдікті бір тәулік бойы Шымкенттегі жалдамалы пәтерде ұстаған. 11 мамыр күні полицейлер қызды тауып, ата-анасына қайтарды. Алайда, ішкі істер органдары адам ұрлануына қатысты да, қыздың зорлануына қатысты да қылмыстық іс қозғамаған. Қыздың анасы осы 20 күн ішінде аудандық полиция басқармасына 3 рет арыз жазғанын айтып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар