Қоғам 06.06.2017 сағат 12:13  720

Қырғызстанда педофилді куәгерлердің өздері жазалап тастады (ВИДЕО)

Қырғызстанда сотқа 33 жастағы ер адамның 10 жастағы қыз баланы зорлағаны туралы іс түскен. Таяуда әлеуметтік желілерде күдікті ер адамды тұрғындардың сотсыз жазалағаны көрсетілген видео тарап кетті. Бұл туралы centralasian.org порталы жазып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шу облысы ІІБ ақпараты бойынша, күдікті сәуір айында кәмелетке жасы толмаған қызды зорламақ болған кезде ұсталған. Кездейсоқ куәгерлер қылмыстың алдын алған. Ер адамды жергілікті тұрғындар ұстап, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тапсырған.

Оқиға 2017 жылдың 3 сәуірінде Ак-Ордо-3 ауданында болған. Видеода қолы байланған ер адамның батпақта аунап жатқаны көрсетілген.

Жаңа құрылыстың тұрғыны Урмат Мамытбеков милиция келгенге дейін, тұрғындар жиналып, оны тепкінің астына салды дейді. «Қыздың әкесі милиция жеткеннен кейін ғана келді. Болмаған жағдайда ол күдіктіні өлтіріп қоятын еді», - дейді ол.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. 2 маусымда іс сотқа берілген. Күдікті мас күйінде қызды зорламақ болған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар