Қоғам 06.06.2017 сағат 13:16  663

Шымкентте 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Шымкенттік полицейлер 1998 жылғы бойжеткенді іздеп жатыр. 19 жастағы Дана Мырзабек 23 мамыр күні сағат 23:00-де үйінен университетіне шығып, содан қайта оралмаған. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицейлерге қыздың анасы 26 мамыр күн арызданған. Алайда, содан бері оның қайда екенін анықтау мүмкін болмапты. Енді тәртіп сақшылары Шымкент пен облыс тұрғындарынан іздеу жұмстарына атсалысуын сұрап отыр.

 

Жоғалған Дана Мырзабектің белгілері: бойы 165 см, дене бітімі орта, шашы иығынан қоңыр түсті. Қара түсті майкі, қара-көк түсті жейде, сұр джинс шалбары, көк түсті балетка-аяқ киім киген.

Оңтүстікқазақстандық полицейлер, облыс тұрғындарынан Дана Мырзабекті көрген-білгендер болса, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не8-7252-97-60-09, 8-776-800-81-81 нөміріне немесе «102» сымтетігіне хабарласуын сұрайды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар