Қоғам 12.06.2017 сағат 17:36  909

Алматыда «Депутаттық корпус» жетекшісі ұсталды

ҚР ҰҚК мен ІІМ-нің арнайы жасақ өкілдері танымал алматылық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиевті ұстады деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Оған қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті, кәсіпкерлерден ірі көлемде ақша бопсалады деген айыптар тағылып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айта кетейік, бүгін Тоқмәдиевке тиесілі «КазСтройСтекло» зауытына арнайы жасақ өкілдерінің басып кіргенін отандық БАҚ өкілдері хабарлаған болатын. Кейінірек белгілі болғандай, құқық қорғаушылар «Мурка» деген лақап атпен танымал Тоқмәдиевті ұстау операциясын жүргізген екен. Арнайы жасақ оны зауыттан емес «Арман вилла» тұрғын үй кешеніндегі өз үйінде қолға түсірген.

Күштік құрылым өкілдерінің айтуынша, Мұратхан Тоқмәдиев «Депутаттық корпус» деп аталатын қылмыстық топқа жетекшілік еткен. Оның жандайшаптары қалталы кәсіпкерлерді бопсалап, ірі көлемде ақша алып отырыпты. Жәбірленгендер қатарында шетелдіктер де бар. Қылмыс әлемінің серкесінің артынан бірнеше жыл тексеру жүргізген құқық қорғаушылар оны тек бүгін ғана ұолға түсіріп отыр. Бұған дейін Мұратхан үнемі тәртіп сақшыларынан сытылып кетіп отырған. Өйткені, оның бостандықта жүруі жоғары шенді лауазым иелеріне керек болған көрінеді. Қылмыстық ұйымның «Депутаттық корпус» деп аталуы да содан дейді ұстау операциясын жүргізген ҰҚК өкілдері. Соған қарағанда, Тоқмәдиевке қолдау көрсетіп отырған шенділерге жақын уақытта тықыр таянатын секілді.

 

Айта кету керек, «КазСтройСтекло» зауытының басшысы қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене араласып жүрген кәсіпкер ретінде танымал. 50 жастағы Тоқмәдиев 5 баланың әкесі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар