Қоғам 13.06.2017 сағат 03:46  702

Мұратхан Тоқмәдидің қызы әкесінің адал кәсіпкер болғанын айтты

Күні кеше ұсталған танымал кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қызы әкесін ұстау операциясы қалай жүргізілгенін айтып берді. Зере Шәкірхан зауыт пен үйдегі тінту шараларын цирк қойылымына теңеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Менің әкем әйелімен және сіңліммен үйінде ұйықтап жатқан. Олардың бөлмесіне арнайы жасақ басып кіріп, әкемнің қолын кісендеп, басына қап кигізіп, үйді кешкі сағат 19:30-ға дейін тінтіген. Сондай-ақ, анамның пәтерінде де тінту жүргізіпті. Компьютерлерін, ұялы телефондарын алып кеткен. Тіпті, кішкентай шақалағы бар әпкемнің үйіне де барып, үйді ақтарып, іздеу жүргізген. Ал, зауытта жұмысшыларды лаңкес ұстағандай етіп жерге жатқызып тастапты. Олар ешқандай негізі жоқ деректерге сүйеніп отыр. Тіпті, күлкілі", - деп жазды Зере Шәкірхан өзінің Instagram-парақшасында.

Ол сондай-ақ, өз әкесінің адал кәсіпкер, спортшы, үлгілі жар және әлемдегі ең мықты әке екенін айтып отыр.

"Ол өте әдепті, намаз оқиды, Қажылыққа барып келген, көптеген адамға көмектескен. Әділдік орнаса екен", - дейді ол.

Еске салайық, танымал кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді ҰҚК-ның арнайы жасағы 12 маусым күні ұстаған болатын. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, оған жетекшілік етті, кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген айыптар тағылуда.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар