Қоғам 13.06.2017 сағат 04:54  653

Ақтөбе облысында полиция көлігінің той кортежінде жүруін куәгерлер камераға түсіріп алған (ВИДЕО)

Куәгерлер полиция көлігі бастап, басқа көліктер соңынан ерген той кортежін видеоға түсіріп алыпты. Оқиға, болжам бойынша, Ақтөбе облысында болған деп жазады sputniknews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Видеоны Instagram желісіндегі zello.aktobe тобында қолданушы Динара Қожа жариялаған.

"Шалқардың жергілікті учаскелік полицейі той кортежін бастап келеді. Тамыр-таныстық пен ақша бәрін шеше ме?! Өзгелерден асып түсіп, жұртты қайран қалдыруға тырысуды қашан қояр екенбіз? Араларында тәртіп сақшысы да жүр", — деп жазады автор.

Видеода анық көрінгендей, лимузиндер мен жол талғамайтын көліктерден құралған кортеж сигналдатып, қарсы бағытта келе жатқан жүргізушіге жол бермей келеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар