Қоғам 13.06.2017 сағат 05:27  575

Шымкентте көлік ұрлауды кәсіп еткен екі жігіт ұсталды

Шымкенттік полицейлер көліктерді ұрлап сатумен айналысып келген екі күдіктіні қолға түсірді. 1994 және 1996 жылғы Шымкент тұрғындары біраз уақыттан бері бұл қылмысты кәсіп еткен көрінеді. Екеуі де жұмыссыз.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күдіктілер қылмысты көбінесе адам аз жүретін жерде және түнгі уақытта жүзеге асырған. Мәселен, былтыр «Теріскей» шағынауданындағы аулалардың бірінде тұрған Опель Вектра көлігінің есігін кілт таңдау арқылы ашып, оны ұрлап әкеткен. Кейін «қара базарда» сатып, ақшасын өз керектеріне жұмсапты.

Қазіргі таңда күдіктілердің 3 автокөлікті айдап кету жайтына қатысы бары дәлелденуде. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат ретінде ұрланған автокөлік тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар