Қоғам 14.06.2017 сағат 05:24  683

Бурабайда 17 жасар қыз 100 мың теңгеге сатылып кеткен

Бурабай демалыс орнында 16 жасар қызды 100 мың теңгеге сатып жіберген. Осы жайттан кейін адам саудасына қарсы қылмыстық іс қозғалды деп жазады Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицейлер кәмелетке толмаған қыздың жезөкшелікке салынғанын арнайы рейд барысында анықтаған. Атап айтқанда, облыс аумағында жүргізілген "Стоп трафик" арнайы операциясы кезінде бойжеткенді 100 мың теңгеге сатып жіберген әйел ұсталған.

"Бурабай ауданының 1985 жылы туған тұрғыны 16 жасар қызды 100 мың теңгеге сатып жіберген. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімет берді полиция. Күдікті қамауға алынбапты, қолхатпен үйіне жіберілген. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар