Қоғам 14.06.2017 сағат 10:26  939

Алматыда 10 жасар баланы ұрып-соққан әйел өз әрекетіне өкініп отыр

Баланы ұрып-соққан әйел жасаған ісіне өкінеді, дейді құқық қорғау ұйымдарының өкілдері. Алайда, жәбірленуші баланың ата-анасы кешірім бергелі отырған жоқ деп жазады Sputniknews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда Женя есімді баланың соққыға жығылғаны туралы іс Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауында тұр, деп мәлімдеді құқық қорғаушылар — "Балалар құқығын қорғау" үкіметтік емес ұйымы жұмыс тобының координаторы Ришат Рақымов пен Қазақстан адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова.

Жақында олар жәбірленуші баланың отбасы мен оны соққыға жыққан әйелдің отбасына барып қайтыпты. Кездесуден алған әсерлері жайлы бүгін тілшілермен бөлісті.

"Бала әлі жабырқап жүр. Қазір оған психологтың көмегі қажет, мейрімді ересек жаннан: "Қорықпа, саған көмектесеміз, бәрі реттеледі" деген сөзді естуі керек", — дейді Роза Ақылбекова.

Оның сөзіне сүйенсек, Женяға психолог табылыпты, қазір ол жәбірленуші баламен жұмысты бастап кеткен. Ақылбекованың айтуына қарағанда, баланы ұрып-соққан әйел өкініп отырған көрінеді.

"Кеше кешкісін, жәбірленуші балаға кіріп шыққан соң, әйелдің үйіне барып әңгімелестік. Ата-анасы және Санжармен сөйлестік. Әйел қатты мұңайып отыр. Болған іске қорқып қалыпты, жылап, өкінетінін айтты. Әйтеуір, бізге өкінетінін мәлімдеді. Өзімен жеке сөйлесіп, қандай жағдай болмасын, балаға қол көтермеуі керектігін айттым. Евгенийдің ата-анасы әуелі "көршіміз" ғой деп татуласпақ болған екен. Бірақ видеоны көргеннен соң, ата-ананың қандай күйде болатыны белгілі. Себебі баланы ұрған әйел басында оған тиіскен жоқпын депті. Енді олар кешірім бергісі келіп отырған жоқ, бір рет өтірік айтқасын, сенім қалмағаны анық. Ең бастысы, олар баласының құқығын қорғауды көздейді", — деді құқық қорғаушы.

Істі жылы жауып қоймайтыны анық, дейді Ришат Рақымов.

"Әуезов ауданы жергілікті полиция қызметіне бардым, ювеналды әділет өкілдерімен, учаскелік полицеймен кездестім. Сот алды тергеу деректерімен таныстық. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша деректер сотқа жіберілетін болды. Қолда бар материалдарды Бас прокуратураға және ҚР ІІМ-не жібердік. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіровтің ерекше бақылауында", — деп түсіндірді Рақымов.

Баланы аяусыз ұрып-соғу оқиғасы 6 маусым күні болған. Бұл жайт сырттай бақылау камераларына түсіп қалған. Видео астындағы жазбада айтылғандай, көрші әйел ұлын қорғаймын деп жеткіншекті соққыға жыққан.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар