Қоғам 15.06.2017 сағат 12:48  1317

Атырау облысында жоғалып кеткен 8 жасар қызды су астынан іздеп жатыр

Атырау облысының Бесікті ауылында жоғалып кеткен 8 жасар Айкөркем Алдамжарды іздеуге 50 құтқарушы мен 5 сүңгуір жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі айтып берді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кішкентай қыз 14 маусым күні күндіз үйінен мектептегі жазғы лагерге кетіп, қайта оралмаған. Мұғалімдердің айтуынша, Айкөркем кешкі сағат 17:15-те лагерьден үйіне қарай кеткен екен. Мұнан кейін оны ешкім көрмеген.

"14 маусым күні сағат 22:20-да 102 кезекшілік номеріне 1990 жылғы әйел хабарласып, 2009 жылғы қызының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 14 маусым күні сағат 09:00-де бүлдіршін үйінен мектеп жанындағы жазғы лагерге кеткен екен. Полицейлер анықтағандай, сағат 17:15-те ол лагерьден үйіне қарай кетіп, содан із-түссіз жоғалған. Қазіргі таңда қызды 50 құтқарушы іздеп жатыр. Сондай-ақ, Орал өзенінде сүңгуірлер жұмыс істеуде", - дейді полицейлер.

Іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен туыстары да атсалысып жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар