Қоғам 19.06.2017 сағат 06:08  613

Жамбыл облысында көлік өртеніп, салонда болған 2 жасар сәби қайтыс болды

Жамбыл облысында көлікте болған өрттен екі жасар сәби қаза тапты деп жазады Tengrinews.kz порталы ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға 18 маусымда сағат 11:30-да Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-2105" маркалы көлігі өртеніп кеткен. 

"Өрт салдарынан 3-4-ші дәрежелі күйік шалған, денесінің 90 пайызы күйіп, Тараз қалалық № 2 ауруханасына 2015 жылғы қыз бала түскен. Ол 22:35-те қайтыс болды. Өртті үйдегілер өз күшімен сөндірген. Өрт сөндіру қызметіне төтенше жағдай туралы хабар түспеген", - деді Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері. 

Куәгерлер мәліметінше, бала көлік ішінде сіріңкемен ойнап отырған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар