Қоғам 21.06.2017 сағат 11:44  497

Еліміздің үш әуежайында айыппұл төлеуге арналған арнайы терминалдар пайда болды

Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында алғаш рет Қазпоштаның терминалдары іске қосылды. Клиентке бағдарланған осынау сервис Бас прокуратураның бастамасынмен Әділет министрлігі, ҰҚК, «Қазпошта» АҚ және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесе жүзеге асып отыр.

Бұған дейін шетелге ұшуды жоспарлаған қазақстандықтар өтелмеген айыппұлдарына байланысты рейстерінен қалдырылатын. Ал, осы сервис арқасында азаматтарда жеке сот орындаушыларымен байланыс жасамай, сол жерде айыппұл бойынша қарызын тексеріп, болған жағдайда оны төлеп және автоматты түрде ел шекарасынан шығуға рұқсат алу мүмкіндігі туды.

Шекарадан шығуға шектеуді жою 2015 жылдың 1 маусымынан кейін қойылған шектеулерге ғана әрекет етеді. Көрсетілген мерзімге дейін шектеуді жою бұрыңғы тәртіп бойынша жүргізіледі. Яғни, сот орындаушысына айыппұлдардың өтелгендігін растайтын құжаттар беру арқылы.

Терминалдар Әділет министрлігінің дерекқорына біріктірілген. Борыштың өтелгендігі туралы ақпарат осы ведомствоның дерекқорына 15 минут ішінде беріледі және ел шекарасынан шығуға шектеу 30 минут көлемінде алынып тасталады.  

Терминал арқылы төленетін айыппұл көлемінің максималды сомасы 2 млн. теңгеге дейін. Терминал арқылы өтемдерге ұсталатын комиссия көлемі борыш сомасының 1% құрайды, бірақ  әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес. Егер борыш көлемі 2 млн. теңге немесе одан жоғары болса, азамат Қазпоштаның кез келген бөлімдерінде төлем жүргізе алады.

Соңғы жаңалықтар