Қоғам 22.06.2017 сағат 03:05  809

Атырауда қайтыс болған 8 жасар қызды көршісі зорлап, суға ағызып жібергені анықталды

тырауда денесі өзеннен табылған 8 жасар Айкөркем Алдамжардың қасақана өлтірілгені ақыры расталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күдікті ретінде оның көршісі ұсталған болатын. Мәліметтерге қарағанда, 28 жастағы Арман Ырысәлиев зорлау мақсатында бүлдіршінге қол жүгіртіп, кейін өлтіріп тынған. Ал өлі денесін суға лақтырған. Күдіктінің өзінің бір ұл, бір қызы бар.

Айта кетсек, бұрын да осылай қыз зорлауға әрекет жасап, істі болыпты. Тек ол кезде жасы кәмелетке толмай жазадан сытылған екен. Бесікті ауылының тұрғындары енді мына жағдайдан кейін ең ауыр жазасын алса екен дейді. Ал кішкентай Айкөркемді кеше ағайын-туысы мен ауылдастары соңғы сапарға шығарып салды.

Еске салайық, 8 жасар қыз 14 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Ол мектеп жанындағы лагерьге барып, кешке үйіне қарай кеткен. Содан кейін қызды көрген ешкім жоқ. Құтқарушылар Айкөркемнің денесін 19 маусым күні өзен түбінен тапты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар