Қоғам 22.06.2017 сағат 13:45

Алматы облысы құқық бұзушылықтарды арнайы карта арқылы анықтауда

Бүгінігі таңда қылмыстық құқық бұзушылық  өзекті  мәселелердің бірі.  Құқықтық статистика белгілі бір өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысы бойынша сотқа дейінгі тексеру тізімінде 13097 қылмыстық құқық бұзушылық бар. Статистикаға сүйенсек, 2015-2016 жылдар мен биылғы жылды салыстырғанда тіркелген қылмыс деңгейі 18,6%-ға төмендеген. Талдықорған қаласында 2015-2016 жылдар мен 2017 жылдың қылмыс деңгейі 16,4%-ға дейін азайды. Түрлі заңға қайшы әрекеттерді енді «қылмыстық құқық бұзушылық картасы»  арқылы білуге болады. Ол тұрып жатқан жердің қылмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Республикамыздың әрбір азаматы Кrisha.kz сайтын пайдалана отырып, пәтер іздеу кезінде таңдаған аймақтың қылмыстық деңгейін анықтай алады. Бұл ақпарат бір жағынан қылмыс деңгейін бақылауға және қылмыс көп болатын жерде жылжымалы мүліктің құны өзіне сай болатынына көмектеседі. Болашақта тұрғындар бұл жағдайға бейжай қарамай, құқық бұзушылықты азайту жолдарын іздейтін болады. Осылайша, тәртіп саласындағы қоғамдық бақылау жақсарады», - деді құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Жанар Жайлыгулова.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар