Қоғам 22.06.2017 сағат 18:03  1637

Қазақстан Сирияға әскерін жіберсе бүкіл ислам әлемін өзіне қарсы қояды - сарапшы

Бүгін белгілі болғандай, Қазақстан мен Қырғызстан Сирияда болып жатқан соғысқа өз әскерилерін жіберуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Шаманов мәлімдеді. Қазір Ресей билігі серіктес екі елмен келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев болса Қазақстан билігіне бұл ұсыныстан міндетті түрде бас тарту керек деп есептейді. Өйткені, Сирияға әскер жіберу арқылы еліміз халықаралық аренадағы имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіреді.

- Егер кімде-кім Сирияға Қазақстанның әскерилерін жіберу идеясын жүзеге асыратын болса Қазақстан осы уақытқа дейін қалыптастырған модератор, арағайын секілді имиджінен бір-ақ күнде айрылады. Бізді Ресейдің әскери серіктесі деп ойлап қана қоймай, мұсылман әлемінің жартысы, сондай-ақ, Батыс елдері қарсы шығады. Мұнан кейін мақтанышпен айтатын көпвекторлы саясатымызға да нүкте қойылады, - деп жазды Д.Сәтпаев өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, 22 маусым күні Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын Сирияның қауіпсіз аймақтарына Қазақстан мен Қырғызстанның әскерилері келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай бастаманы Ресей билігі көтеріпті.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар